14 сәуірде "Доссор - Құлсары" бағытында жол қатынасы уақытша ашылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Еске сала кетсек, 4 сәуір күні Жем өзені арнасынан асып, Жылыой ауданында орын алған тасқын су Құлсары қаласына бағыт алатын Доссор-Құлсары тасжолын басып өткен еді. Жөндеу жасалған учаскедегі уақытша жол қозғалысы патрульдік полиция ротасының үздіксіз бақылауында болады.
"ТЖ жөніндегі Атырау облысының жедел штабы"