"Демде 30 тонна көтеремін": Бөгет соғып жатқан кран операторы жұмысы туралы айтып берді

Сәттібай Дәулетияров қырық жылдан астам уақыттан бері кран операторы болып еңбек етіп келеді.    

Жайық тасып, елдімекендерді су басуы мүмкін деген хабар келгелі бері,  бөгет соғу жұмыстарына ауыр техникамен атсалысып жүрген Сәттібай Дәулетияров Алмалы ауылында жаға бекіту жұмыстарына қатысуда. 
                                                                                                  
«Мен басқарып отырған кранның қуаттылығы бір мезгілде отыз тоннаға дейін жүкті  көтеруге жетеді.  Жаға бекіту жұмыстарын ұйымдастыруда ауыр техникалардың маңызы ерекше. Плиталарды түсіріп алып, жағаға орнатып жатырмыз. Осындай жұмыстарға балаларым, күйеу балаларым да қатысып жатыр.   Жұмысқа таңғы жетіде шығып, қас қарайғанда бір ақ ораламыз» дейді  «Бірлік» мердігер мекемесінің кран операторы Сәттібай Дәулетияров.

Еске сала кетелік,  19 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Атырау қаласында жағалау бекіту жұмыстарына 1028 арнайы техника, 3875 мекеме қызметкерлері, 1751 әскери қызметші және 3741 ерікті жұмылдырылды.