«Бекіре-2024» акциясы нені көрсетті?

«Бекіре-2024» балық қорғау акциясының қорытындылары жаряиланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметі ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 31 мамырына дейін Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында оларға іргелес жатқан аумақтық суларда Каспий теңізінде «Бекіре-2024» балық қорғау акциясын өткізді. Нәтижесінде 90 аумақтық және ішкі су режимін, 72 шекаралық режимді бұзушылар және 69 жүзу құралдары ұсталды.

Көптеген браконьерлік аулау құралдары, оның ішінде 263 км-ден астам торлар мен 20 мың ілмектер тәркіленді.

Табиғи мекендеу ортасына 1 085 бекіре тұқымдас балық (салмағы 5 536 кг), 65 474 ұсақ тұқымдас балық (салмағы 52 571 кг), сондай-ақ 67 итбалық жіберілді.

Салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 7,3 млн теңгеден асты.

Қазақстанның 3 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына пайдалануға тыйым салынған түрлерге заңсыз қарау) қылмыстық істер қозғалды.

Мемлекетке келтірілген залал 2,3 млрд теңгеге бағаланады.

"ҰҚК баспасөз қызметі"