Атыраулықтардан сазан мен сом балықтары тәркіленді

Биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау бағытында облыс аумағында 24 ақпан – 13 наурыз аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілуде.
 
Бұл туралы ПД баспасөз қызметі мәлім етті. «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде, Атырау облысы Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімі қызметкерлерімен Әкімшілік түрде балық аулау қағидаларын бұзғандары үшін, 27 әкімшілік құқық бұзушылықтар толтырылды. Оның ішінде анықталған құқық бұзушылық бойынша барлығы 129 дана ау торы тәркіленіп, 239 дана қара балықтары Жайық өзеніне жіберілді.
Іс-шара кезінде, балық ресурстарын заңсыз алу дерегі бойынша салмағы 141,25 кг болатын сазан, сом балықтары балық тапсыру орталығына тапсырылды. Сонымен қатар, Полиция департаменті Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірлесіп, 3 дана бекіре тұқымдас балықтарын анықтап, №1 қалалық полиция бөлімінің Жедел-тергеу тобына тапсырылды. Қазіргі таңда барлығы – 338, 25 кг заңсыз ауланған балықтары тәркіленіп, балық тапсыру орталықтарына жөнелтілді.
Құрманғазы ауданында заңсыз балық айналымын анықтау мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, күдіктілерден барлығы 124 кг болатын (сазан, сом, карась) балықтары алынып, Құрманғазы ауданындағы «Шортанбай» балық қабылдау орталығына тапсырылды. 1 дана «Крылатка» қайығымен «Ямаха 9х9» ілмелі моторымен бірге балық аулауда тыйым салынған «Шаңышқы» құрылғысы тәркіленді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ