Бала құқықтары жөніндегі уәкіл атыраулық балалармен кездесті

Қазір эвакуациялық орталықтарда тұрып жатқан балаларға толыққанды тамақтану және оқу үшін барлық қажетті жағдай жасалды, қажет болған жағдайда киіммен, аяқ киіммен, канцеляриямен және техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп жатыр. Су тасқынына қарсы күрес кезеңінде балаларға көмек көрсету туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева айтып берді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

«Эвакуация пункттерінде 400-ден астам мектеп психологы су тасқынынан зардап шеккен балалар мен азаматтарға көмек көрсетіп жатыр. Үкімет эвакуациялық орталықтарда орналасқан балалармен жұмыс істеу алгоритмін әзірледі. Осы жағдайда біздің бірінші міндетіміз - су тасқыны және қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін балаларды оқумен, қолайлы жағдайлармен және жазғы демалыспен қамтамасыз ету. Қазір эвакуациялық орталықтарда тұрып жатқан бастауыш сынып оқушылары 11 балалар сауықтыру лагеріне жіберіле бастады. 5-інші-8-інші сынып оқушылары «Дарын», Білім инновация лицейлері және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің интернаттарына орналастырылады. Ал 9-11 сынып оқушылары колледждер мен жоғары оқу орындарында орналасады», - деді Динара Закиева ОКҚ алаңында.

Жақында ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ақтөбе облысындағы эвакуациялық пунктке барып, балалармен және олардың отбасыларымен, кеше Атырау облысынан келген балалармен кездесті. Олар қазір Бейнеуде тұрып жатыр.

«Ата-аналар мен балалардың көңіл-күйі жақсы, әрине, болашақтары үшін алаңдап жатыр, бірақ еңселері түспеген. Қазақстандықтардың бәріне көмек көрсетіп жатқандарыңыз үшін алғыс айтып жатыр», - деді спикер.