Бүгін Атыраудағы Жайық деңгейі қаншаға көтерілді?

“Қазгидромет"  Атырау облысы бойынша РМК-ның мәліметінше, гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 13 сәуір күні таңғы 8 сағаттағы жағдай бойынша су деңгейінің көтерілуі туралы мәліметті ұсынамыз, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облыстық ТЖ жөніндегі штабқа сілтеме жасап.

 - Индербор кентіндегі гидропостта су деңгейінің көтерілуі -  15 см,  БҚО тарапынан судың келуі есебінен су тасқыны басталғалы бері жалпы су деңгейініі  көтерілуі  -  293 см, судың жалпы деңгейі 516 см құрайды;

- Махамбет кентінде су деңгейі 19 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу деңгейі - 307 см, судың жалпы деңгейі 624 см құрайды;

- Атырауда су деңгейінің көтерілуі -  18 см, су тасқыны басталғалы бері жалпы су деңгейінің көтерілуі -  161см, судың жалпы деңгейі 352 см құрайды.

"13 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу деңгейі 447 м3/с құрайды", - делінген хабарламада.