Бүгін Атырауда Жайық деңгейі қаншаға көтерілді?

Бүгін 15 сәуірде Жайық өзеніндегі су деңгейі қаншаға көтерілгені анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша  15 сәуір сағат 8-дегі жағдай бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен Атырау облысының Жайық өзенінің деңгейі өзгерді.

Атап айтанда, Индербор кентінің су бекетіндегі деңгей 528 см., су деңгейі 3 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы су деңгейінің көтерілуі - 305 см құрайды.

Махамбет кентінің су деңгейі 654 см, су деңгейі 14 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 337 см құрайды.

Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 373см., су деңгейі 9 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері судың жалпы көтерілуі 182 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

«15 сәуірде Иректі су қоймасынан жіберілген су көлемі   447 м3/с құрайды» делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ