Бүгін Атырау қаласында Жайық суы көтерілмеді

18 сәуір сағат 8-дегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес,  Жайық  өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен су деңгейі Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 555 см., деңгей +8 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 332 см құрады.

Махамбет кентіндегі су деңгейі 679 см, деңгейдің + 7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 362 см құрайды.

Атырау қаласындағы гидропостта су деңгейі 396 см, тәулігіне 0 см. өзгеріссіз, су тасқыны басталғаннан бастап жалпы су көтерілуі 205 см құрайды. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

 «18 сәуірде Иректі су қоймасынан ағын 422 м3/с құрайды, су жіберу деңгейі 345 м3/с құрайды» делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: "Каспиан ньюс" телеарнасы