Бүгін Атырау қаласында Жайық деңгейі 418 см-ге жетті

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес,  23 сәуір сағат 8-дегі жағдаймен Жайық өзенінде өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді , деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 587 см., деңгейдің +5 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 364 см құрайды.

Махамбет кентінің гидропостындағы деңгейі 710 см., деңгейдің + 4 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 393 см құрайды.
  
Атырау қаласы гидропостындағы деңгейі 418 см., тәулігіне + 6 см. деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 227 см. құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. 

"23 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу  252 м3/с құрайды" делінген хабарламада.