Атыраулықтарды алаңдатқан хабарламаға түсініктеме берілді (+ВИДЕО)

Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Шапхат Қалиевтің атынан әлеуметтік желілерде жолданған хабарлама тарады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

Бұл шынында да «Колос», «Мұнай өңдеуші», «АтырауМұнайҚазГеология» бау-бақша серіктестіктеріне жіберілген. Аталған саяжайлар қорғаныш сызығынан тыс жерде, Жайық өзенінің жайылмасында орналасқан және топырақ эрозиясының ықтималдығы жоғары. Жағаны қорғау шахталарының құрылысы мүмкін емес. Осыған байланысты аталған бау-бақша серіктестіктерінің иелеріне хабарлама жіберілді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суретті түсірген: автор