Атырауға жаға бекітуге атақты актер келді (+ВИДЕО)

Жаға бекіту жұмыстарына халықаралық деңгейдегі актер Санжар Мәди мен «Nomad» командасының каскадерлері де қатысты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

Бұл туралы актер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

«Тау боп үйілген топырақты енді ғана қаптап бола бергенде, тағы бір КамАЗ келіп, топырақ төгіп кетті. Біз қаптарды жағаға төсеп жатырмыз. Каскадерлер барын салуда», - деп жазды актер кадр артында.

Бейнекадрға қарағанда команда Атырау қаласы маңындағы шеткі ауылдардың бірінде жұмыс істеп жүр.