Атырауға шаңды дауыл келе жатыр...

"Қазгидрометтің" болжамынша, ертең, 14 наурызда сегіз аймақта шаңды дауыл болады деп күтілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ішінде Атырау да бар. Нақтырақ айтқанда, өңірдің оңтүстігі мен шығысында дауылды ескерту жарияланып отыр. Жел солтүстіктен соғады, жылдамдығы секундына 20 метрге дейін барады деп болжануда. Күндіз шаңды дауыл болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ