Атырауға Боржоми қаласынан көмек келді

Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты Грузия елінің Боржоми қаласынан гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Өткен жылдың қыркүйек айында Грузияның Боржоми қаласы Атырау қаласымен бауырластық байланыс орнатқан болатын. Өңірдегі ахуалға байланысты Боржоми муниципалитеті 3 мың бөтелке “Боржоми”минералды суымен гуманитарлық көмек көрсетті.