NCOC өзінің мердігерлерімен бірге Атыраудағы жергілікті халықтың су тасқыны мен су деңгейінің көтерілу қаупіне дайындық жұмысына қолдау көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қазіргі уақытта Соколок арнасының бойында ұзындығы 5,5 км қосымша арна қазылды. Арнаның өзен сағасынан басталатын 900 метр бөлігі тазартылып, түбі тереңдетілді, сонымен қатар арнаның 800 метрге жуық жағалауын бекіту жұмыстары орындалды. Құрылысты жақын арада аяқтау үшін қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ