«Жасыл елде» 326 атыраулық жас жұмыс жасап жүр

Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы жобасы аясында көгалдандыру, абаттандыру бағытында 7 аудан және Атырау қаласына қарасты 6 ауылдық округте 326 жас жұмыс істеуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Атырау облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз-қызметінің мәліметінше, жұмысқа қабылданған 16 мен 35 жас аралығындағы жастардың қатарын 1000 адамға дейін көбейту жоспарлануда. Сондай-ақ, Жылыой ауданында орын алған су тасқынына байланысты ауданды қайта қалпына келтіру мақсатында салынып жатқан құрылыс жұмыстарына шілде, тамыз айларында жастарды тарту көзделген.

Естеріңізге сала кетейік, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы аясында жұмыстар 12 маусымда басталды.