Атырауда Жайық деңгейі қаншаға көтерілді?

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 16 сәуірде сағат 8-дегі жағдай бойынша ахуал өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен Жайық деңгейі өзгерді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Жайық өзені – Индербор кентінің су бекетіндегі деңгейі 538 см., су деңгейі +10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 315 см құрайды.

Жайық өзені – Махамбет кентіндегі су деңгейі 664 см., су деңгейі + 10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 347 см құрайды.

Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 387 см., су деңгейінің көтерілуі +14 см., су тасқыны басталғаннан бері жалпы су көтерілуі 196 см.құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

«16 сәуірде Иректі су қоймасынан судың келуі 510 м3 / с құрайды, су жіберілуі 447 м3 / с құрайды» делінген хабарламада.

Фото: ашық дереккөз