Атырауда төтеншелік психологтар 200-ден астам қоңырау қабылдады

Су тасқыны басталғаннан бері жедел желі телефоны тәулік бойы жұмыс атқаруда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. Тұрғындардан барлығы 213 қоңырау келіп түсті, оның ішінде 15 абонентке туындаған стресстік жағдайлар кезінде шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. Су тасқыны жағдайына байланысты ақпараттық сипаттағы 198 қоңырау түсті.