Атырау қаласындағы Жайық жағалауын бекіту жұмыстарына аумақтық қорғаныс бригадасының 78 әскери міндетті азаматтары жұмылдырылды,-деп хабарлайды Атырау облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабы, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
- 20 сәуірден бастап 78 әскери міндетті азаматтар жаға бекіту жұмыстарына жұмылдырылды. Қазіргі уақытта бізге Жайық өзенінің оң жағалауы бөлініп берілді. Біз бұл аумақта еріктілер көтерген бөгеттерді нығайтып жатырмыз,-деді аумақтық қорғаныс батальоны командирі Руслан Спанов.
Айта кетейік, әскери міндеттілер қала және облыстың 7 ауданынан шақырылған. Олар Атырау қаласында атқарылып жатқан жағаны нығайту жұмыстарына 29 сәуірге дейін қатысады.