Атырауда "қазір жиналыстан шықтық" деген аудиожазбаның авторы анықталды

Атырау қаласын су басуы туралы жалған аудиожазба таратқан ер адамға ҚР ӘҚБК-нің 456-2 бабына сәйкес айыппұл салынды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облыстық ТЖ жөніндегі штабқа сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, БАҚ-ы мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік, соның ішінде, қылмыстық жауапкершілік қаралған.

Тұрғындарды тек Атырау облысының жедел штабы таратқан ресми ақпаратқа сенуге шақырады.