Атырауда есірткі сатпақ болған Орал қаласының тұрғыны ұсталды

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурасының үйлестіруімен  ірі көлемде есірткі заттарын сатумен айналысқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Одан құны 1 млн теңгеден асатын есірткі заттары тәркіленді. Күдікті Орал қаласынан Атырауға есірткі заттарын жеткізу және өткізу арнасын ұйымдастыру үшін арнайы келген. Ол бұндай қылмыстық іс-әрекетке барған себебін “несиеге белшемнен батып тез арада оңай ақша табу үшін” деп түсіндірген.

Қазіргі уақытта 30 жастағы БҚО тұрғыны тергеу изоляторында қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.