Атырауда 226 кәсіпкерлік нысан зардап шекті

Бұл жөнінде Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық даму басқармасының бөлім басшысы Сәттіғұл Сабиров мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

- Бұлар, негізінен, дүкендер, наубайханалар, жылыжайлар және шаруа қожалықтары. Су тасқыны кезінде бизнес иелелеріне келтірілген залалды бағалау үшін қазір өңірлік комиссия құрылып жатыр. Бүгінгі күнге Жылыой ауданының кәсіпкерлерінен 226 өтінім қабылданды,- деді Сәттіғұл
Сабиров.