Атырау-Орал тасжолы жабыла ма?

Жайық өзені суының Атырау-Орал тасжолының 80-85 шақырымы аралығында арнасынан асуына байланысты жеңіл автокөлік қозғалысы бүгіннен бастап жабылуы мүмкін, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев хабарлады. Көлік қозғалысына балама ретінде жергілікті маңызы бар Атырау-Индер тасжолымен, Махамбеттың тұсындағы көпір арқылы  жүруге жағдай жасалған.