Атырау облысында су айдау жұмыстары аяқталды

22 мамыр күні Жалғансай ауылының кіреберіс автожолында салынған бөгет бұзылған болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Нәтижесінде су елді мекенге қарай тарады. Сумен шайылған бөгет толығымен қалпына келтірілді. Бүгін тасқын суларын айдау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды, жалпы саны 527 332 текше метр су сорылды. Ұзындығы 7 км. бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта бөгетті қосымша нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.