Атырау облысында балық қырылып жатыр ма?

Құлсары қаласында Автожолшылар ықшамауданындағы Сәли Шәкірова көшесі маңында бірнеше сазан балығы қырылып қалған бейнежазба тарады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Аталған аймақтан сазан балықтардың өлексесі анықталды. Ол жеке адамның немесе бір дүкеннің мұздатқышында сақталып, төгілгені анықталып тұр. Балықтар әбден бұзылған, үлкен сазан балықтар. Айналасында балықтың басқа түрі немесе шабақ болған жоқ. 11 қапшық балық өлексесі жиналып, залалсыздандыру орнына жіберілген" дейді Жылыой аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаев.