Бұл туралы "АМӨЗ" ЖШС бас директоры Мұрат Досмұратов ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловқа баяндады, деп хабарлайды АtyrauPress тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 3 шілдеде "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС электр энергиясының болмауы салдарынан апатты түрде жұмысын тоқтатты.
Апат салдарынан ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысын қоспағанда, зауыттың технологиялық қондырғылары тоқтады. Төтенше жағдайды болдырмау үшін шамадан тыс қысым алау қондырғыларына бағытталды. Екі сағат ішінде жанған алау ауаға 8 мың текше метр технологиялық газды таратты. Сол күні түнде "KEGOC" желілерді электр қуатымен қамтамасыз етіп, АМӨЗ қондырғыларын іске қосуға рұқсат берді.

Қазір іске қосу және жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Кәсіпорын басшылығы зауыт 9 шілдеде толық жұмыс істейді деп сендіріп отыр.
Айта кетейік, бұл алғашқы апатты жағдай емес. Дәл осындай жағдай 2021 жылы болған еді. Ол кезде шығын көлемі - 69 млрд теңге, ал 2022 жылы – 2 млрд-ты құрады.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА