Атырау қаласының әкімі екі ай тазалыққа шақырды

Атырау қаласы әкімінің қаулысымен 2023 жылдың 15 наурызы мен 15 мамыр аралығы Атырау қаласы бойынша санитарлық тазалықтың екі айлығы болып жарияланды.
"Осыған орай, қала аумағында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 18 наурыз күні жалпықалалық сенбілік өтеді. Сенбілікке қала тұрғындарын, барлық ПИК, мекемелер мен кәсіпорындар басшыларын, көпшілік шоғырланатын нысандарға иелік ететін кәсіпкерлер мен барлық жер телімінің иелерін өздеріне тиесілі аумақтарды жинастыруға, жалпықалалық сенбілікке белсенді түрде атсалысуға шақырамыз" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ