Атырау қаласында 94 эвакопункт дайын тұр

Тасқын қауіпі төнген жағдайда қала тұрғындарын қауіпсіз аймақтарға көшіру мақсатында дайындалған эвакуациялық пункттардың сыйымдылығы 10 250 орын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта эвакуациялық пункттардың барлығына төсек-жабдық, кереуеттер жеткізіліп қойылды. Төтенше ахуал орын ала қалған жағдайда қала бойынша белгіленген эвакопункттар тұрғындарды кедергісіз қабылдай алады.

Эвакуациялық пункттардың мекен-жайымен 2gis.kz қосымшасы арқылы танысуға болады.