"Атырау - Индер" трассасында қосымша 6 суөткізгіш  құбыр салынуда

Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әлібек Мұхамбетәлиевтің айтуынша, тасқын судың көп келуіне байланысты, тағы 6 су өткізгіш құбыр салынуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

"Жұмыс 24-30 сағатқа жоспарланды. 25 адам, 40 техника жұмылдырылуда. Стратегиялық жол болғандықтан, жұмыстарды, бүгін, яғни, 23 мамыр сағат түнгі 00.00-ге дейін аяқтау жоспарда" деді спикер.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Атырау - Индер"  бағытындағы  трассасында 24 шақырымына 6 су өткізгіш құбыр салынған болатын.