20 мамырдан 21 мамырға қараған түні түнгі сағат 00.00 – 06.00-ге дейін су өткізгіш құбырлар салу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.
Тасқын судың автотрассаны толықтай шайып кетуін болдырмау мақсатында атқарылатын жұмысқа 15 маман, 15 техника жұмылдырылады. Автожүргізушілер үшін балама жол "Атырау - Хамит Ерғалиев - Махамбет" бағытында ашық.