Air Astana жұртшылықты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және ҚР Көлік министрлігімен өткен кеңестің қорытындысы бойынша Air Astana және FlyArystan 13-24 сәуір аралығында Атыраудан Алматы мен Астанаға рейстерге су тасқыны кезеңінде арнайы тариф енгізетіні туралы хабардар етеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аталған тарифтің құны бір жаққа эконом-класта 40 000 теңгені құрайды.
Сондай-ақ FlyArystan Атыраудан Шымкент, Ақтау және басқа қалаларға рейстерге арнайы тарифтерді уақытша енгізеді.
Бұған дейін Air Astana тобы 9-18 сәуір аралығында Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент қалаларына 33 қосымша рейс ұйымдастырылғанын хабарлаған болатын. Жалпы тұрақты рейстермен бірге 95 рейс орындалады.