231 Талдыкөл аулының тұрғыны АПЕК колледжіне орналасты

Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылынан эвакуацияланған тұрғындар туралы ақпарат.

"231 тұрғын АПЕК колледжі. 49 тұрғын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №2 жатақханасы. 768 тұрғын өз қалауымен қаладағы үйлеріне, туыстарына орналасты. Талдыкөл ауылындағы тұрғындар саны  - 1215", - деп хабарлайды жедел штаб.

Еске сала кетелік, 25 мамыр күні Талдыкөл ауылында жаппай эвакуация жарияланды. 

Қазіргі уақытта эвакуациялау жұмыстарына жұмылдырылдыТЖМ - 29 сарбаз. Қорғаныс министрлігі - 11 сарбаз. Махамбет ауданы полиция қызметкерлері - 9, 9 қайық, 2 газель, 1 жол талғамайтын арнайы көлік.