16 қазақстандық санаторий су тасқынынан зардап шеккендерді тегін қабылдайды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі ұлттық арнаға сілтеме жасап.
Бұл нысандар бір мезгілде 190 адамды қабылдай алады. Оңалту курсы 10-нан 14 күнге дейін болады.
Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына, соның ішінде балаларға қажетті медициналық көмек және психологиялық оңалту көрсетіледі.
Фото: "Қазақстан" телеарнасы