12 Қараша, 2021 757

Вакцинация: коронавирусқа қарсы балаға екпе салу кезінде ата-ана қатыса ала ма?

 Вакцинация: коронавирусқа қарсы балаға екпе салу кезінде ата-ана қатыса ала ма?

"Ата-ана вакцинациялау кезінде баласының қасында бола алады және екпе келісіммен салынады" .

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, вакцина алуға қарсы көрсетілімі жоқ  жасөспірімдердің тізімін жасақтау  процесінде ата-аналардан келісім алдын ала алынады. Осыған байланысты, вакцинациялауға ата-анасының  келісімі бар балалар ғана алдын ала жасалған тізім бойынша шақырылады.

"Емханада да, мектепте де ата-аналар қалауы бойынша балаларын вакцинациялауға қатыса алады» делінген министрлік жолдаған хабарламада.