Тісті тегін емдетіңіз!

Атырауда 3,1 млрд теңгедан астам қаржыға балаларға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қазақстандық балалар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылады. Олар үшін жарналарды ЖСН алған сәттен бастап кәмелетке толғанға дейін мемлекет төлейді. Бұл балаларға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана емес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіретін медициналық көмекті де алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, облыс көлемінде балаларға бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде 256, 804 жағдай бойынша 3,1 млрд теңгедан астам қаржыға көмек көрсетілген.
«Биылғы 9 айда Атырау облысында тәулік бойғы және күндізгі стационарлар жағдайында 1771 жағдай 277 млн теңгеден астам қаражатқа емделді. 556,1 млн. теңгеге 235 мыңнан аса жағдайға стоматологиялық қызмет көрсетілді» дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б.Ғазизов.
Тәулік бойғы және күндізгі стационарларда 2050 жағдайда 236,5 млн. теңгеден астам қаражатқа мамандандырылған медициналық көмектер көрсетілген.
Егер сізде медциналық қызмет көрсету бойынша сұрақтар туындаса, оларды өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау» қызметіне хабарласып, қоя аласыз. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.