Тамызда қазақстандықтар көбірек ауырады

Эпидемиологиялық жағдайдың болжамы ай сайын алдағы 3 айға арналып жаңартылып отырады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. «Өздеріңіз білетіндей, Денсаулық сақтау министрлігі ай сайын алдағы 3 айға арналған болжамын жаңартып отырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. «Өздеріңіз білетіндей, Денсаулық сақтау министрлігі ай сайын алдағы 3 айға арналған болжамын жаңартып отырады. Пессимистік сценарийде ең көп тіркелген жағдайлар тәулігіне 4000 науқасқа дейін, реалистік сценарийде тәулігіне 2500 жағдайға дейін, оптимистік сценарийде тәулігіне 1000 жағдайға дейін болады. Сырқаттанушылық тамыз айында өседі. Тамыз-қыркүйек айының соңында төмендей бастайды», – деді Ажар Ғинаят. Министр қазақстандықтарды өз денсаулығына қамқор болуға шақырды. Қоғамдық орындарда және көлікте бетперде тағу керек. Аурудың алғашқы белгілері байқалса, дәрігерлерге хабарласу қажет.