"Спутник V" вакцинасын алған азаматтар қажылыққа бара алады

Алайда елге кіру үшін азаматтар 48 сағат карантинде болуға тиіс және ПТР сынамасын тапсыруға міндетті

Сауд Арабиясы келесі жылы қатаң талаптарды сақтай отырып, "Спутник V" вакцинасын алған азаматтарға елге кіруге рұқсат береді. Корольдіктің атқарушы органы осындай шешімге келді.

Сауд Арабиясының шешімі Ресей тікелей инвестициялар қорында хабарланды,  деп хабарлайды ATPress.kz  РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сауд Арабиясы "Спутник V" вакцинасын алған азаматтар кіре алатын 102-ші ел.

Алайда елге кіру үшін азаматтар 48 сағат карантинде болуға тиіс және ПТР сынамасын тапсыруға міндетті.

"Спутник V" вакцинасын алған азаматтарға Сауд Арабиясына кіруге берілген рұқсат негізінде құлшылық етушілер Мекке мен Мединаға қажылыққа баруға мүмкіндік алады.