«Саламатты Қазақстан» медпойызы Құлсарыға келді

«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы 25-мамыр күні Атырау облысына келді.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы – елімізде сәтті жүзеге асып келе жатқан жоба.

Әлеуметтік жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының әріптестігі негізінде іске асырылады.

 25-мамыр -17 маусым аралығында Атырау облысының бірнеше елді-мекенін аралап, білікті дәрігерлер тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді.

Дәрігерлік бригаданың құрамында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы практика дәрігері, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, онколог-маммолог, гинеколог және уролог медициналық көмек көрсетеді. Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Медициналық пойыздың тұрғындарды қабылдау кестесі:

🔹Құлсары станциясы: 25-28 мамыр

🔹Дина Нұрпейісова станциясы: 29- 30 мамыр

🔹Ганюшкино станциясы: 31 мамыр-2 маусым

🔹Афанасьево станциясы: 3 маусым

🔹Исатай станциясы: 4-5 маусым

🔹Нарын станциясы: 6 маусым

🔹Аққыстау станциясы: 7-8 маусым

🔹Туманное станциясы: 9 маусым

🔹Жамансор станциясы: 10-11 маусым

🔹Мұқыр станциясы: 12-13 маусым

🔹Сағыз станциясы : 14-16 маусым

Медициналық пойыз дәрігерлері өңір тұрғындарын таңғы сағат 09.00-ден кешкі 18:00-ге дейін қабылдайды.

Түскі ас уақыты 13.00-14.00.

Айта кетейік, дәрігердің қабылдауына баратын түрғындар міндетті түрде өзінің және баласының (баласын қаратса) жеке басын куәландыратын құжаттарын ала баруы керек. Медициналық құжаттары болса, қосымша ала келулері  қажет.