Атырау облысында онкологиялық дертке қарсы күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы облыстық онкология диспансерінің директоры, облыстық мәслихат депутаты Эльмира Сапарова айтты.
Оның сөзінше, өңірде онкологиялық көмек көрсету үшін 16 арнайы кабинет жұмыс істейді. Оның жетеуі аудандарда, тоғызы Атырау қаласында орналасқан.
— Облыстық онкология диспансері – өңірдегі жетекші мамандандырылған медициналық ұйым. Мұнда тұрғындарға стационарлық, амбулаторлық және кеңес беру қызметі көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс істейтін 110 төсек-орындық стационар және 29 орындық күндізгі стационар бар, — деді ол.
Айта кетейік, диспансерде маммография, ультрадыбыстық, эндоскопиялық, цитологиялық және гистологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.