22 «Желтоқсан», 2022 158

Медициналық қызмет қолжетімді бола түсті

 Медициналық қызмет қолжетімді бола түсті

Огородная көшесіне іргелес жатқан учаске тұрғындары сапалы медициналық көмек ала алады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Біздің елімізде денсаулық сақтау жүйесіне, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға елеулі көңіл бөлінеді. Тәуелсіздік жылдары Атырау облысында денсаулық сақтау жүйесінің көптеген жаңа нысандары салынды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз өкілі Айша Кенжемұратовадан білгеніміздей, екі жыл бұрын Атырауда Огородная көшесінде жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория жұмыс істей бастады. Жақын маңдағы көшелердің тұрғындары қажетті медициналық-санитарлық көмектерін ала-алады. Медициналық мекеме алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сатылы қолжетімділігін және түсірілуін қамтамасыз ету мақсатында, денсаулық сақтаудың жол картасын іске асыру шеңберінде салынды. Сол уақытта коронавирустық пандемия кезінде бұл өте маңызды болды. Амбулатория өз міндетін орындады. Бұрын Огородная көшесіндегі және оған жақын көшелердің тұрғындары №3 қалалық емханаға баратын болса, қазір дәрігерлер жақын жерге орналасқан.

Огородная көшесіне іргелес жатқан осы учаскеде тұратын адамдар өз үйлерінен алыс кетпестен толық көлемде сапалы медициналық көмек ала алады, - дейді Огородная көшесіндегі отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның аға дәрігері, "үздік дәрігер" атағының иегері Шолпан Ақбалиева.

Шолпан Кенжібайқызының айтуынша, Огородная дәрігерлік амбулатория 7500 адамға қызмет көрсетеді. 6 учаскесі бар: 2 терапиялық, 2 педиатриялық, 2 жалпы практика дәрігері. Амбулаторияның мақсаты – аурулардың алдын алу және халыққа сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, бекітілген диспансерлік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. Қазіргі уақытта балалар арасында ең көп таралған аурулар: ЖРВИ, ЛОР аурулары, ересектер арасында: ЖРВИ және ЛОР аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары. Амбулатория қызметкерлерінің жұмысы мен пациенттерінің денсаулығы үшін барлық жағдай жасалған.