01 «Желтоқсан», 2022 160

МӘМС мамандары атыраулықтармен кездеспек

 МӘМС мамандары атыраулықтармен кездеспек

Атырауда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қалалық әкімдігінің мәліметінше, 30 қараша сағат 10:00-де Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында тұрғындарға денсаулық сақтау сұрақтары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде түсіндіру мақсатында қала тұрғындарымен кездесу өтеді.

Сондай-ақ, кездесу барысында Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Атырау облысы бойынша филиалының тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауы өткізіледі.