КҚК Мақат аудандық ауруханасына УДЗ аппарат табыстады

«Каспий құбыр консорциумы-Қ» АҚ қайырымдылық іс-шаралар бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Атырау облысындағы Мақат аудандық орталық ауруханасына ультрадыбыстық зерттеу аппаратура тарту етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Құны 80 млн теңгеге тұратын заманауи УДЗ кешені Атырау облысы әкімдігімен арадағы келісім аясында Атырау облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, сатып алынды. Науқастардың ішкі ағзасын кең ауқымда зерттеуге мүмкіндік беретін диагностикалық аппарат қазір іске қосылып, қолданылып жатыр. Бүгінгі таңда Мақат ауданы ауылдарының тұрғындары жаңа УДЗ арқылы тереңдетілген медициналық тексеруден өтуде.

 – Атырау облысы – біз үшін ең маңызды өңір, – деп атап өтті Мақат аудандық орталық ауруханасы ұжымына жаңа қондырғының берілуіне байланысты «КҚК-Қ» АҚ-ның Қазақстан Республикасы Үкіметімен байланыс жөніндегі өкілі Асқар Шманов. –  Біз денсаулық сақтау саласындағы мұқтаждықтарға әрдайым жіті қараймыз, бұл мәселеде Атырау облысы әкімдігінің тиісті басқармасымен бірлесіп жұмыс істейміз. КҚК-Қ алдағы уақытта да өңірге әлеуметтік салада қолдау көрсетуін жалғастыра беруге ниетті.

 – Бүгінгі таңда аудан бойынша заманауи ультрадыбыстық зерттеуге қажеттілік күніне 16-17 адамға дейін жетеді, яғни айына 350-ге жуық адам, – деп атап өтті Мақат аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Рыскүл Тайшекенова. – Жаңа медициналық жабдықтар іш-құрылысын, жүрек және басқа да органдардың ауруларын диагностикалау мүмкіндігін арттырады. Енді осындай қызмет ұсына алатынымыз көптеген ауруды ерте анықтауға, демек адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Бүгінде облыс тұрғындарына облыс орталығына барудың қажеті жоқ.  Әсіресе шалғай елді мекендерден келетін науқастар уақыты мен ресурсын үнемдейді. Каспий Құбыр Консорциумына қажетті әрі елеулі көмегі үшін алғыс айтамыз.

КҚК Қазақстан Республикасындағы қайырымдылық жобаларына жыл сайын 3 миллионнан астам доллар (1,5 миллиард теңге) бөледі. Жалпы алғанда, 2001-2024 жылдар аралығында Компания Атырау облысындағы қайырымдылық жобаларына шамамен 17 млрд теңге инвестициялады.

Анықтама үшін:

КҚК құбыр жүйесі – ТМД елдеріндегі энергетика саласындағы ең ірі жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1511 шақырымды құрайды. Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екісінен астамы,  сонымен қатар Каспий теңізінде орналасқан ресейлік кен орындарының шикізаты осы бағыт арқылы тасымалданады. КҚК теңіз терминалы танкерлерді жағадан айтарлықтай қашықтықта қауіпсіз тиеуге мүмкіндік беретін үш бірдей шығарылатын айлақтық құрылғымен (ШАҚ) жабдықталған.

КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы – 24%, MC CPC Company (ЖШС) – 7%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, Lukoil International GmbH – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% и Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.