Үкімет жеке медицина ұйымдарды қаржыландыру кезінде жүйелі заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне жүргізілген Қаржы министрлігінің талдауы барысында белгілі болды.
Талдау нәтижесін Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында баяндап, бюджет шығындарының өсуіне қарамастан, қор жұмысының тиімділігі артпағанын айтты. 2026 жылы МӘМС пен медицинаға бөлінетін қаржы 2,4 трлн теңгеге жетпек. Алайда қаражаттың едәуір бөлігі медициналық қызметке емес, қор активтерінде жинақталып отырғаны анықталған.
Сонымен қатар IT-аудит барысында жалған пациенттерді тіркеу, қайтыс болған адамдарға қызмет көрсету, бір қызметті екі рет қаржыландыру сияқты өрескел фактілер әшкереленді.
Айта кетейік, Премьер-министр Олжас Бектенов ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің басқаруына беру жөнінде тапсырма берді.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.