«Халықтың 50 пайызы «омикронмен» ауырып жатыр» - Ералы Тоғжанов

Елдегі эпидемиологиялық жағдай және омикрон штаммының айналымы туралы баспасөз-конференциясы өтті, деп хабарлайды ATPress.kz.

Брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов  соңғы күндері  Қазақстанның барлық өңірінде эпидемиялық ахуалдың күрт нашарлағанын айтты.

«Бұған бірден бір себеп - елімізде «Омикрон» штаммының таралуы. Бұл желтоқсан айында жасалған зерттеулердің қорытындысы бойынша дәлелденді. 

Жалпы, әлем бойынша ауру санының кезекті рет күрт артуына өздеріңіз де куә болып отырсыздар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша еуропада соңғы екі аптада  ауру саны өсті. Оның ішінде халықтың  50 пайызы  «омикронмен»   ауырып жатыр» деді Ералы Тоғжанов.