Құрманғазыда жылжымалы медициналық кешен жұмысын бастады

Атырау облысы Құрманғазы ауданында тұрғындарға жылжымалы медициналық кешенмен көмек көрсету қызметі қолға алынды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, орталық аурухананың қызметкерлерінен құралған бұл топтың жұмысы сәуір айының басынан бастап жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы atr.kz мәлім етті. Қазір ауылдық округтерді аралау кестесі құрылып, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бекітілген. -Жылжымалы медициналық кешен бойынша қан қысымын өлшеу, жүректің қызметін тексеру, қан құрамындағы глюкоза мен холестерин деңгейлерін экспресс тәсілімен анықтау және бейінді мамандар – офтальмолог, отоларинголог, травматолог, кардиолог, невропотолог, стоматолог, акушер-гинеколог, ультрадыбыстық зерттеу дәрігерлерімен қамтылған, – дейді әкімдіктің ресми өкілдері.