Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Сархат Сағынтайқызы Бейсенова Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Сархат Бейсенова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Тұран-Астана университетін бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Ақмола облыстық онкология диспансерінде санитар болып бастаған.
1996-1998 жылдары — Ақмола қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық стансасының дәрігер-эпидемиологы.
1998-1999 жылдары — Ақмола облыстық Ішкі істер басқармасының дәрігер-эпидемиологы.
1999-2002 жылдары — Астана қаласы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің дәрігер-эпидемиологы, меңгерушісі.
2002-2007 жылдары — Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы.
2007-2009 жылдары — Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары – Астана қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары.
2009-2011 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары.
2011-2014 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директоры.
2014-2015 жылдары — ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.
2015-2017 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары.
2017-2019 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары.
2019-2020 жылдары — Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Астана қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.