Қазақстанда МӘМС аясында пациенттің жынысына сәйкес келмейтін жүздеген мың медициналық қызмет көрсетілген, деп хабарлайды AtyrauPress.
Қаржы министрлігі жүргізген аудит нәтижесінде 1,8 млрд теңгеге 769 446 жалған скрининг тіркелгені анықталды. Оның ішінде 768 827 ер адам әйелдерге арналған жатыр мойны обырына тексеруден өткен деп көрсетілген.
Сонымен қатар 619 ер адамға маммография жасалғаны жөнінде мәліметтер тіркелген. Мұндай деректердің бір аудандық аурухананың өзінде 11 мыңнан астамы анықталған.
Мамандар бұл жағдай медициналық ақпараттық жүйелердің әлсіздігін және бақылаудың жеткіліксіздігін көрсететінін айтады.
Айта кетейік, Үкімет бұл олқылықтарды жою үшін МӘМС жүйесіне қатаң бақылау орнатуды жоспарлап отыр.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.