12 «Желтоқсан», 2022 173

Еңбекшіл елді мекенінде медициналық пункт ғимаратының құрылысы басталды

 Еңбекшіл елді мекенінде медициналық пункт ғимаратының құрылысы басталды

Бұл туралы Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Махамбет аудандық ауруханасы, екі типтік жобада салынған ғимаратта орналасқан. Ол 60 кереуеттік тәуліктік ауруханасы мен 250 қабылдауға арналған екі кезеңді емхана және аудандық аурухана құрамында 8 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік амбулаториялық пункт, 2 медпункт бар.

 

- Аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасы жыл сайын жаңартылып келеді. Биылға мамандарға 54 дана компьютер принтерлерімен қамтамасыз етілді. Аудандық аурухананың электрогенераторы күрделі жөндеуден өтіп, қазіргі уақытта жұмыс жасап тұр. Ауылдық дәрігерлік емханаларға қосымша екі дана жаңадан электрогенератор алынды. Қажет болған жағдайда іске қосуға дайын. Аудандық ауруханаға қатысты ауылдық емханалар барлығы, тәуелсіз өз алдына жылу қазандықтары бар, қазіргі уақытта жұмыс істеп тұр,- деді Қ.Нұрлыбаев.

 

Оның айтуынша, биыл ауруханаға 5 дәрігер жұмысқа қабылданса, оның 3-і жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 анестезиолог-реаниматолог, 1 фильтр-дәрігер.
Сондай-ақ ауданында 2 медициналық пункттің жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Көздіқара, Аққайың елді мекендерінде салынатын аталған пункт құрылысы келер жылға жоспарланып отыр. Ал Еңбекшіл елді мекенінде медициналық пункт ғимаратының құрылысы басталған, алдағы жылы пайдалануға берілмек.  

Айта кетейік, Махамбет ауданында селолық округтердің мәліметі бойынша, 21 елді мекенде 30 955 халық тұрады. Олардың ішінде 25 750-і медицина  мекемелеріне тіркелген.