COVID-19: Атырауда бір тәулікте 11 адам індет жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 11 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 6 жағдайы расталды, ал, 5 науқас -  Теңіз кен орнында анықталған.

Коронавирустық инфекциясы бар 8 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 3 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 171 адам емделді.

Қазір 935 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 10, модульдік ауруханада - 67 фтизиопульманологиялық орталықта - 7 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда - 15. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.