COVID-19: Атырауда бір тәулікте 10 адам індет жұқтырды

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 10 науқас анықталды.
Атап айтқанда, Атырау қаласында - 9, Қызылқоға ауданында 1 жағдай расталды. 7 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 3 адамда ауру белгілері жоқ. Қазір 26 адам үй жағдайында, ал № 2 Атырау облыстық ауруханасында 23 науқас ем қабылдауда.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.