COVID-19: Атырау облысында бір тәулікте 10 адам індет жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Коронавирустық инфекциясы бар 5 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 5 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 156 адам емделді.
Қазір 796 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 10, модульдік ауруханада - 63 фтизиопульманологиялық орталықта - 6 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда - 13. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.